#Рамазан2026: Ақпараттық баннерлер ілінді
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты барлық облыс, қала, аудан, ауыз мешіттерінің ауласы мен кіреберіс маңдайшасына Рамазан айын насихаттау мақсатында арнайы ақпараттық баннерлер ілінді.
Әр мешіттің алдында «Рамазан айы құтты болсын!», «Ораза айы құтты, берекелі болсын!», «Оразан қабыл болсын, ұстаған жан!», «Нұр шашқан Рамазан берекелі болсын!», «Ораза айы құтты болсын!» деген тұрғындар мен жаматқа арналған құттықтау банерлері тұрғындарды ұлық айдың келуімен сүйіншілеп, оразаның мән-маңызы мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр
. Рамазан айымен құттықтау сөздері, ізгілікке шақыратын аят-хадистер және сауапты амалдар жасауға үндейтін ғибратты нақылдар жазылған.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


































































