Хромтау: Ауданның Бас имамы қарттарға құрмет көрсетті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Дәстүр және отбасы» бағытында игі шара өтіп, ауданның бас имамы Марал Иманғали мешіт жұмысына белсене араласып, жамағаттың ауызбіршілігін нығайту жолында сүбелі үлес қосып жүрген ондық алқа мүшелері мен ақсақалдарға алғыс білдірді.
Шара барысында ауданның бас имам қариялардың қоғамдағы орнына тоқталып, олардың өмірлік тәжірибесі мен парасатты пікірлері кейінгі буынға әрдайым өнеге екенін атап өтті. Сонымен қатар мешіт тарапынан жүргізілетін рухани-тәлімдік жұмыстарға тұрақты қолдау көрсетіп, ел ішіндегі татулық пен ізгіліктің артуына атсалысып жүрген ақсақалдардың еңбегі ерекше екендігін жеткізді.
«Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен парасатты пікірлеріңіз жастарға өнеге болып, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттауда ерекше маңызға ие. Қайырымдылық пен ізгілік жолындағы игі бастамаларға әрдайым қолдау көрсетіп, көпшілікке үлгі болып келесіздер. Алла Тағала отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге береке нәсіп етсін! Ел игілігі жолындағы абыройлы қызметтеріңіз арта берсін!», – деді Марал Иманғали.
Игі щара қортындысында мешіттің өркендеуіне және жамағат бірлігінің нығаюына үлес қосып жүрген ақсақалдарға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Ақсақалдар ақ баталарын беріп, ел тыныштығы мен жұрт амандығы үшін ізгі тілектерін айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































