БАС МҮФТИ ПРЕЗИДЕНТПЕН БІРГЕ «ЖОШЫ ХАН» КЕСЕНЕСІНЕ БАРДЫ 1795

БАС МҮФТИ ПРЕЗИДЕНТПЕН БІРГЕ «ЖОШЫ ХАН» КЕСЕНЕСІНЕ БАРДЫ

17 маусым 2022 146 Оқу 1 минут

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президентпен бірге «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне арнайы барды.

«Жошы хан» кесенесіне зиярат барысында Бас мүфти Құран аяттарын оқып, барша қазақ хан-сұлтандары мен батырларының рухына дұға бағыштады.