Имамдар Байқадам ауылына арнайы барды 6738

Имамдар Байқадам ауылына арнайы барды

16 қазан 2026 121 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының имамдары мен ақсақалдары Байқадам ауылына арнайы іссапармен барды.

Игі шарада Байқадам ауылдық мешітінің имамы Бақтияр Қуанышов имамдар мен ақсақалдарға мешітті таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ ауылдағы діни ахуал мен жамағатпен жүргізіліп жатқан жұмыстар сөз болды.

Кездесу соңында мешіт ақсақалдары ақ батасын беріп, елдің амандығы мен бірлігіне, жамағаттың ынтымағы мен берекесіне дұға жасады.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі