Жас отбасыға насихат
Ойыл аудандық мешітінде ауданның бас имамы Бақжарық Қызыр жас жұбайлардың некесін қиып, оларға «Исламда отбасы және отбасы құндылығы» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында отбасының Ислам дініндегі орны, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құрметі мен жауапкершілігі, өзара түсіністік пен сыйластықтың маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ отбасы берекесінің негізі имандылықта, сабырлылықта және өзара қолдауда екені айтылып, жас жұбайларға шаңырақтың беріктігін сақтауға қатысты тағылымды кеңестер берілді.
Кездесу соңында мешіт тарапынан жас жұбайларға рухани тәлім-тәрбие беретін «Бес асылың білсеңіз» кітабы сыйға берілді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі




































