«Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында ақсақалдармен кездесу өтті 2896

«Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында ақсақалдармен кездесу өтті

31 тамыз 2023 121 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында кездесу өтті.

Аталған игі шараға ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Нұр Ғасыр» мешітінің жанынан ашылған ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мешіт жанашырлары, ұстаздар мен имамдар т.б қатысты.

Облыстың Бас имамы кездесудің негізгі маңыздылығына тоқталып, ислам және ізгі қоғам туралы насихат айтты.

Одан өзге ақсақалдар игі қоғам аясында мешіттің атқарып келе жатырған шараларын әрдайым қолдайтынын айта келе, «ізгі қоғам сіз бен бізден басталады», ақсақалдар қоғамның оң бағытта болуына тікелей ықпал ететіндігін баяндады.

Шара қортындысында қатысушы ақсақалдар Серікжан Еншібайұлына алғысын білдіріп, ақ баталарын берді.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі