Дұрыс діни таным — деструктивті діни идеологияның алдын алудың негізі 6737

Дұрыс діни таным — деструктивті діни идеологияның алдын алудың негізі

16 қазан 2026 30 Оқу 1 минут

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығында «Дұрыс діни таным — деструктивті діни идеологияның алдын алудың негізі» тақырыбында кездесу өтіп, оған ауданың бас имамы Бақжарық Қызыр қатысты. 

Имам жастарға діни сауаттылықтың маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар кездесу барысында дұрыс діни түсінік қалыптастыру, дәстүрлі діни құндылықтарды сақтау және деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу мәселелері қозғалды. Жастарға діни ақпараттарды саралап қабылдау, күмәнді ақпарат көздерінен сақтану және діни мәселелер бойынша сенімді дереккөздерге жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға тақырыпқа байланысты ақпараттық жаднамалар таратылды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі