Имамдар арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сай, «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт имамдары арасында үстел теннисінен жарыс өтті.
Ауданның Бас имамы Абзал Медетбеков жарысты ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Имамдар арасында өткен үстел теннисі сайысы қызықты да тартысты өтті . Жарысқа мешіт қызметкерлерінен 11 адам қатысты. Әр ойыншы өзінің шеберлігін танытып, спортқа деген қызығушылығын көрсете білді.
Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Бозой ауылдық мешітінің имамы Батырханұлы Шерхан, екінші орынды Шілікті ауылдық мешітінің имамы Жанболатұлы Берікбол, үшінші орынды Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің азаншысы Қайрат Маратұлы жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешіінің баспасөз қызметі