Нұрбол Смағұлов «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақта болды 6630

Нұрбол Смағұлов «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақта болды

26 тамыз 2026 16 Оқу 1 минут

ЖАНТ мүшесі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов республикалық «Мұнара» телеарнасының эфирінде сұхбат берді.

Дін маманы, журналист Ақтолқын Тажикованың авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына арнайы қатысты. Сұхбаттың негізгі арқауы «Жар таңдаудан қателеспе» деген өзекті тақырыпқа арналды.

Тақырып аясында қоғамда жиі қойылатын сұрақтар мен талқыланып жүрген неке мен бала тәрбиесі туралы дін мен дәстүр сабақтастығы аясында жіті талдау жасап, тұшымды жауаптар берді.

Айта кетейік, республикалық деңгейде хабар тарататын «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына тұрақты түрде түрлі дін мамандары, әлеуметтанушылар, психологтар мен өнер қайраткерлері қонақ болып, маңызды тақырыптарды қозғайды. Аталған шығарылым әр жұма сайын «Мұнара» телеарнасынан көрерменге жол тартады.

Бағдарламаның эфирде көрсетілу уақыттары мен төмендегідей:

Көрсетілім уақыты: Сағат 06:30, 11:00, 18:00 және 20:30-да.

Телеарна пакеттері: «Отау ТВ» (20-арна), «ID TV» (23-арна), ЦЭТВ (22-арна).

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі