Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Бас есепшісі марапатталды 730

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Бас есепшісі марапатталды

12 тамыз 2021 130 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты өңірлердегі мешіттердің есепшілері Көкшетау қаласына жиналып, жыл басынан бергі жұмыстарын қорытындылау барысында Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас есепшісі Гүлнар Маханова ҚМДБ бас есепшісі Лаура Байжарасованың алғыс хатымен марапатталды. 

Мешіттің есеп-қисап жұмыстарын заманауи үлгіде жандандырып, ҚМДБ қаржы саласы бойынша бастамаларына ерекше үлес қосқан, «Нұр Ғасыр» мешінде 10 жылдан астам еңбек етіп жатқан білікті қызметкер Гүлнар Тұрсынқызын марапатымен құттықтап, отбасына амандық, еңбек жолына биік белес, дін жолындағы сауапты қызметіне сәттілік тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі