Ақтөбе: «Ғибрат» жобасының алғашқы қонағы – Арман Қуанышбаев 733

Ақтөбе: «Ғибрат» жобасының алғашқы қонағы – Арман Қуанышбаев

13 тамыз 2021 166 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі қасиетті жұма күні «Ғибрат» (онлайн және офлайн) сұхбат жобасын ұсынып, @nur_gasyr инстаграм әлеуметтік желісі арқылы исламтанушы, теолог, РАНТ мүшесі, «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаевпен Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы сұхбаттасты. 

Жобаның мақсаты – оқырман мен көрерменнің руханиятын байыту мақсататында ғибратты сұхбат ұсыну арқылы көңіл көкжиегіне сәуле шашу.

Жоба жетекшісі: Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы, журналист Ақтолқын Тажикова,

Ғибраттың алғашқы сұхбаты «Әлеуметтік желінің әлегі мен әдебі» тақырыбына арналды. Эфир кезінде 600-ден аса адам қарап, жалпы қаралымда 7000-нан аса оқырман эфирге кірді.

Сұхбат барысы әлеуметтік желі әдебі, кибербулиингтен қорғану туралы діни-психологиялық тұрғыда өтті.

Эфирдің алғашқы сұрағы әлеуметтік желіге тәуелділік және одан арылу жолдарынан басталып, желі қолданушылардың қазіргі уақытта білсін-білмесін желіде хайп, тренд деп білмеген дүниені жазу сәнге айналғанына тоқталып, Қасиетті Құранның «Хұжырат» сүресінің 6-аятында: «Егер пасық адам хабар алып келсе, оны анықтап алыңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер», – делінген. Мұсылман адам шынайы өмірде не әлеуметтік желіде болсын жария болған ақпараттың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізуі міндетті. Ақиқаты мен жалғанының ара-жігін ажыратып алу қажеттілігі айтылды.

Одан өзге бүгінде өзекті мәселердің бірі біреуді қаралауға бағытталған, кісінің айыбын ашатын мәліметтер күн санап желіне жаулағандығы, екі адамның арасындағы хат жалпы жұртқа жариялануы күн санап артып бара жатқаны тілге тиек етіліп, аталған мәселе эфирде дін және психология тұрғысында сараланды.

Сонымен қатар қоғамдағы адамдардың білім деңгейі, ойлауы, ақпаратты қабылдауы әртүрлі болғандықтан, олардың қандай да бір мәселеге қатысты түрлі пікір білдіруі түсінікті жайт дей келе, пікір алаңында сөзге тоқтамай, жеке басқа өтіп, сөгу, қаралау негізде пікір жазушыларда туралыда сөз қозғалды.

Онлайн сұхбат түйіні Арман Қуанышбаевтің жастарға кеңесімен түйінделді.

Еске салсақ, «Ғибрат» сұхбат жобасы әр жұма сайын оқырман мен көрерменге ұсынылады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі