Ақтөбе: Облыстық мешітте сенбілік өтті 1544

Ақтөбе: Облыстық мешітте сенбілік өтті

16 сәуір 2022 96 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен сенбілік өтті.

Мешіт қызметкерлері облыстық орталық мешітінің ауласын тазалап, ағаштардың түбін қопсытып, ақтау жұмыстарын жасады.

Қыс мезгілінен шашылып қалған қоқыс қалдықтары тазаланды. «Дана халқымыз: «Таза табиғат – халық байлығы» демекші, табиғатта тірі организм. Сондай-ақ тазалық – иманның жартысы екенін ұмытпай, өлкеміздің тазалығы кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмауы керек,- деді облыстың Бас имамы.

Осындай сенбілік жұмыстары ауданға қарасты мешіттерде жалғасын тапты.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі