РАНТ мүшесі Ақтөбе облысында 1295

РАНТ мүшесі Ақтөбе облысында

12 ақпан 2022 134 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның 2022 жылғы жоспары аясында 9-11 ақпан күндері Ақтөбе облысына РАНТ мүшесі, Атырау қаласындағы «Әт-тақуа» мешітінің Бас имамы Өсімхан Тілеуов келді.

Алғашқы күні уағыз-насихат жұмысы – Ақтөбе қаласы «Нұрдәулет» мешітіндегі «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбынан басталды.

Одан кейін Ақтөбе қаласындағы КА 168/2 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті. Екінті намазынан кейін Өсімхан Аманбайұлы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасының қонағы болып, «Шаңырағым шайқалмасын десеңіз...» тақырыбында сүбелі сұхбат берді. Ал ақшам намазынан кейін «Изюм» кафесінде ДДА мүшелерімен кездесіп, уағыз-насихат айтты.

РАНТ мүшесінің 1-ші күндегі сапары құптан намазынан кейін Ақтөбе қалалық мешітінде «Ислам діні – бірлік діні» тақырыбында уағыз-насихатпен қортындыланды.

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында Өсімхан Тілеуовтың 2-3-ші күндегі іс-сапары Мұғалжар ауданында жалғасын тапты.

10 ақпан күні РАНТ мүшесі Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Тұрарұлының қабылдауында болып, Мұғалжар ауданындағы 2 күндік жұмыс жоспары талқыланды.

Жиыннан соң аудандық «Нұртай» мешітінде «Зағип сахабалар»  және «Хадис ғылымындағы Ханафи мәзһабының орны» тақырыбында жамағатқа уағыз айтты.

РАНТ мүшесі дәстүрлі дініміздің ұстанған талаптарының дәлелді екендігін айтып, Әбу Ханифа мәзһабының сүннеттің ажырамас бір бөлігі екендігін, ата-бабаларымыздың ұстанған жолында дәстүр мен діннің біте қайнасқандығын тілге тиек етті. Одан соң Ө.Тілеуов мешітке жиналған жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

11 ақпан күні Өсімхан Тілеуов Қандыағаш станциясындағы желілік полция бөлімінің қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында «Жат ағымның сипаты» тақырыбында діни сауаттану мәселесі айтылып, жат ағымнан сақтану жолдары түсіндірілді. Шара қортындысында РАНТ мүшесі полиция қызметкерлердін тақырыбындағы сауалдарына тұщымды жауап берді.

Сондай-ақ Өсімхан Аманбайұлы «Қыдырәлі ата» мешітінде «Өмірдің құндылығы мен қадір-қасиеті» тақырыбында жұма уағызын айтты.

3 күнге жоспарланған РАНТ мүшесінің іс-сапары «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесуден  қортындыланды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі