Хромтауда қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің әйелдер жамағаты «Сауда жасап, сауап ал» атты қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жәрмеңке барысында әйелдер жамағаты келушілерге өз қолдарымен дайындаған тағам түрлері мен тәттілерді ұсынды.
Іс-шараға Хромтау ауданы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Гүлсара Әлібекқызы қатысып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде мұндай шаралардың қоғамдағы ізгі істердің көбеюіне, адамдар арасындағы мейірім мен бауырмалдықтың артуына себеп болатынын атап өтті.
Жәрмеңкеден түскен қаражат медреселерде білім алып жатқан шәкірттерге көмек ретінде беріледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітітінің баспасөз қызметі







































