Хромтау: Жамағатқа некенің шарттары насихатталды 2540

Хромтау: Жамағатқа некенің шарттары насихатталды

12 наурыз 2024 139 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтановтың ұйымдастыруымен «Неке қию шарттары» тақырыбы аясында жамағатқа насихат өтті.

«Неке – ер мен әйелдің шариғат бойынша адал жолмен отбасын құру келісімі. Отбасын құрып, шаңырақ көтеру – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Оның шарттары мен талаптары заң жүзінде ғана емес, дін негізінде де дұрыс орындалуы тиіс. Үйленетін ерлі-зайыптыларға неке шарттарын, олардың өзара міндеттемелерін түсіндіру үшін, сондай-ақ ақ батасын беріп, неке құтпасын оқитын ҚМДБ-ның діни қызметкерінің болғаны абзал»,-деді бас имам.

Одан өзге жамағаттын көкейінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауап берді.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі