Арман Қуанышбаев ақтөбелік жамағатпен кездесті
ҚМДБ Ғұламалар кеңесі мен РАНТ мүшесі, «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев Ақтөбелік жамағатпен кездесті.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде өңірлік жамағатпен жүздесу барысында РАНТ мүшесі «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында уағыз-насихат айтып, қоғамдағы маңызды деген отбасылық мәселелерге тоқталып өтті.
Сондай-ақ жанұядағы ер мен әйелдің өзара түсінісуі, жауапкершілік тұрғысынан атқаратын міндеттері, ажырасудың алдын алу мен шаңырақ берекесін сақтап қалудағы басты қағидаттар туралы да тілге тиек етті.
Ғұламалар кеңесінің мүшесі кездесу қорытындысында жамағат тарапынан қойылған әр сұраққа жіті талдап жауап берді. Одан өзге елдің амандығы мен халқымыздың, дініміздің бірлік-берекесі үшін дұға тілеп, игі тілегін білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі












































