Хромтау: «Толағай» спорттық сайыс өтті 878

Хромтау: «Толағай» спорттық сайыс өтті

25 қыркүйек 2021 148 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық “Нұр” мешітінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мешіт жамағаттары арасында қол күрес, арқан тарту, гір көтеру түрлерінен спорттық шара ұйымдастырылды.

Ауданның Бас имамы Ерік Сұлтановтың айтуынша, шараның мақсаты – жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ауызбіршілігін нығайту.

Шара соңында қатысушылар арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі