Хромтау: Шәкірттерге сертификат табысталды 2552

Хромтау: Шәкірттерге сертификат табысталды

14 наурыз 2023 150 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсын толық тамамдаған бірқатар шәкірттерге сертификат табысталды. 

Аудан бас имамы Ерік Қонақбайұлының бастамасымен, аудан көлемінде «Діни оқу-ағарту» бағыты негізінде жауапты ұстаздар Аслан Берікұлы мен Болекбаев Нұрсултан арнайы шара ұйымдастырып, сауат ашу курсын аяқтаған шәкірттердің алған білім деңгейінің дәрежесі тексерілді.

Ауданның Бас имамы Ерік Сұлтанов мешіт жанынан ашылған сауат ашу курстары алдағы уақытта да жалғасын тауып отыратындығын және осы бағыт аясында қарқынды жұмыстар атқарылатындығын айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі