Шалқар: Садақ атудан сайыс ұйымдастырылды 2551

Шалқар: Садақ атудан сайыс ұйымдастырылды

14 наурыз 2023 171 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті жамағатт арасында жамағаттың бірлігін нығайту, өзара тығыз қарым-қатынасты орнату, сонымен қатар ұлттық спортты дамытып, қолдау мақсатында садақ атудан мергендер сайысын ұйымдастырды. 

Додаға жамағат ауызбіршілікпен қатысып, өзара бақ сынасты. Ептілік пен мергендік сынға түскен бұл сайыста І орын алған Жорғабаев Саматқа 15 000 тг , ІІ орын алған Әленова Сәндігүлге 10 000 тг, ІІІ орынды қанжығалаған Ұлданов Әлібекке 5000 теңге ақшалай сый берілді.

Жамағаттың бас қосып бір серпілуіне себеп болған бұл сайысқа ұйытқы болған имамдарға қатысушылар ризашылығын білдірді.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі