Шалқар: Тұңғыш рет ҚМДБ халал сертификатын алды
Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Шалқар ауданы тұңғыш рет ҚМДБ халал сертификатын алды.
Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков «Rizyg» кондитерлік өнімдеріне ҚМДБ халал сертификатын табыстады.
Берілген куәлік өндіріс үдерісінің, қолданылатын шикізаттың және дайын өнімнің халал талаптарына толық сәйкестігін айғақтайды. Тексеру барысында технологиялық процестер, санитарлық-гигиеналық талаптар және сақтау шарттары мұқият сарапталды.
Бұл куәлік – кәсіпорынның жауапкершілігін арттырып, тұтынушылар сенімін күшейтуге бағытталған маңызды құжат. Алдағы уақытта да талаптардың сақталуы жүйелі түрде бақылауда болады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































