ХРОМТАУ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ 1000 шаршы метр жерді «УАҚЫПҚА» табыстады 4002

ХРОМТАУ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ 1000 шаршы метр жерді «УАҚЫПҚА» табыстады

06 желтоқсан 2024 674 Оқу 1 минут

Бас мүфтидің бастамасымен ашылған ҚМДБ «Уақып» қорының жоспарына сәйкес ҚМДБ «Уақып» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы Мәжит Әбішев « Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының атынан Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің жамағаты Досалин Жанат есімді азаматқа «Уақып» сертификатын табыстады.

Алланың өзіне берген мал-мүлкі мен нығметіне шүкіршілік етіп, Досалин Жанат есімді жамағат өзіне тиесілі 1000 шаршы метр (10 соток) жерді «Уақып» қайырымдылық қорына тарту етті. «Уақып» қорының ұжымы мен дін қызметкерлері Досалин Жанатқа Алланың разылығын тілеп, кәсіпте үлкен табыстар тіледі. Алла уақыпнамаңызды қабыл етіп, сауабыңызды еселесін!

Алла қаласа Уақыпқа берілген мүлік Алла жолында қызмет ететін болады.