Ақтөбе имамдарына Шариғат және пәтуа семинары өтті 3189

Ақтөбе имамдарына Шариғат және пәтуа семинары өтті

04 ақпан 2024 404 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр мешітінде «Шариғи пәтуа берудің әдебі мен маңыздылығы» тақырыбында имамдарға арналған оқыту семинары өтті.

Қала, аудан мешіттерінің бас имамдарықатысқан семинарда ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің облыстағы жауапты маманы, облыстық мешіттің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман пәтуа берудің қыр-сыры мен өзектілігі жайлы дәріс өтті. Сонымен қатар шариғи пәтуа беруде мән беретін қағидаларға тоқталып, әдебін түсіндірді. ҚМДБ шығарған жаңа пәтуалармен таныстырды.

Семинар соңында түрлі мәселелер мысалға келтіріліп, талдау жасалды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр мешітінінің баспасөз қызметі