Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті 742

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

19 тамыз 2021 115 Оқу 1 минут

Бүгін жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешіті 40 мектепке қажетті құрал-жабдықтары мен сөмкелерді әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көп балалалы жанұяларға табыс етті.

Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясына атсалысқан қолы ашық, жомарт жандарға ризашылықтарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

Одан өзге шара қортындысында ата-аналар: «Оқу жылы басталғанда бір жанұядан бірнеше баланы киіндіріп, қажетті заттармен қамтамасыз ету барлық отбасыға бірдей оңай емес. Әсіресе, көп балалы жандарға біраз ауырлау. Дегенмен, мешіт жанынан ұйымдастырылатын осындай ізгі шаралар бізге үлкен көмек» деп  алғыстарын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық «

Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі