Қарилар «Рика» телеарнасында қонақ болды 969

Қарилар «Рика» телеарнасында қонақ болды

18 қазан 2021 162 Оқу 1 минут

Бүгін Х республиқалық Құран жарысына ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі атынан қатысқан қарилар «Рика» телеарнасындағы «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасында қонақ болып, сүбелі сұхбат берді.

Бағдарлама барысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының өту барысы мен қызықты сәттеры туралы 20 парадан ІІ орын иеленген Ақтөбе медресе-колледжінің 3 курс студенті Хабибулла Раушан мен толық Құраннан V орын алған Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің І курс студенті Бекзат Тасбулатов айтып өтті.

Сонымен қатар жыл сайынғы қарилар байқауында бәсекелестік артып келе жатқандығы туралы сөз қозғалды.

Еске салсақ, Құран жарысына 10 парадан Нұргелді Мұздақбай, мәнерлеп оқудан Бекжан Дәуренбекұлы қатысты. Сайыстың қортынды есебі бойынша Хабибулла Раушан 1500 000 тг қаржылай сыйлықпен, ал Бекзат Дулатұлы Умраға (кіші қажылық) жолдамамен марапатталды.

 облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі