Жамағат уағыз дастарханында насихат тыңдады 4004

Жамағат уағыз дастарханында насихат тыңдады

11 желтоқсан 2024 431 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде әр ай сайын жүйелі түрде өтетін “Бірлігі жарасқан жамағат” атты бас қосудың кезекті отырысы өтті.

Шараның басты мақсаты-жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, діни сауатын көтеру.

Босқосу барысында мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы

“Ер адамның отбасы алдындағы міндеттері” тақырып аясында уағыз-насихат жүргізіп, шаңырақ тұтқасы ер азаматтардың негізгі жауапкершіліктерін атап өтті. Сондай-ақ, қоғамдағы қызмет пен отбасы ішіндегі қарым-қатынасты реттеудің ең озық үлгісі сүйікті Пайғамбарымыздың ( с.ғ.с) өмір сүру қағидаттарынан бастау алатындығын түсіндіріп, Алла елшісінің ғибрат ғұмырынан бірнеше мысалдар келтірді.Ер адам түздің адамы болса да, үй-ішіндегі жылулықты назарда ұстап, отбасы мүшелеріне деген беретін мейірімін ұмытпау қажеттігі және айтылды.

Айта кетейік, іс-шараға 150-ге жуық адам қатысты.