Хромтау: Балабақша бүлдіршіндеріне «Рамазан тәттісі» тарту етілді
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айының жоспарына сай Хромтау ауданында қасиетті айды насихаттау мақсатында балаларға «Рамазан тәттілері» таратылды.
Аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне орай балаларға түрлі тәттілер салынған 56 қоржын тарту етілді.
Игі шарада Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы Рамазан айының мейірімділік айы екенін сезіндіру және балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатымен Хромтау қалалық 1-ші «Ер-Төстік» балабақшасының бүлдіршіндеріне «Рамазан тәттісі» сыйлықтарымен қуантты. Балабақща қызметкерлері мен ата-аналар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі