«Қажылық және Ұмра» тақырыбында семинар өтті 4291

«Қажылық және Ұмра» тақырыбында семинар өтті

09 наурыз 2025 254 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұмасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сай Ақтөбе қаласындағы жақында ашылған «Ар-рахим» мешітінде ҚМДБ Қажылық бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі, «Бақытжан» мешітінің бас имамы Ержан Маратұлы жамағатқа «Қажылық және Ұмра» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында шариғатымыз бойынша қажылыққа дайындық жіті айтылды.

Сонымен қатар соңғы уақытта әртүрлі жеке тур фирмаларға алданып жатқан қажыларымыз көп, сол себепті жамағатқа тек сенімді тур фирмалармен баруға кеңес берілді.

Одан өзге қажылыққа барғысы келетін жандарға мешіттерде арнайы сабақ берілетіндігі айтылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі