Облыс Бас имамы Байғанин ауданына іс-сапармен барды
Ауданға арнайы іс-сапармен барған Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Байғанин ауданының әкімімен кездесті. Кездесу барысында аудандағы діни тұрақтылық, жат ағыммен күрес және жоғары діни мамандарды қызметке тарту мәселелері қозғалды. Жиында Бас имам әкімге Муфтият баспасынан шыққан «Бабалар ізімен» атты кітапты сыйға тарту етті.
Сондай-ақ Бас имам аудандық мешіттің ақсақалдары және жамағатымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кейін аудандық мұражайға барып, ауданның тарихымен танысты. Мұражай қызметкерлерімен сұхбаттасып, Мұражай қорына ғалым Һибатулла Таразидің өмірі жазылған еңбекті, Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің тарихы жазылған кітапты және басқа да діни әдебиеттерді табыстады. Кейін ауданға қарасты ауылдық мешіттерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Одан кейін аудан орталығынан жаңадан салынып жатқан діни ғимараттардың құрылысымен танысты.