Ақтөбеде имамдар жылды қортындылады
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында жариялаған бағдарлық баяндамасында 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп атады. Осыған сәйкес, Ақтөбе облысы өкілдігінде жыл аясында бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырып, жылдық жұмыс қорытындысын шығарды.
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен өткен жиынға ҚМДБ-ның төл басылымы «Иман» журналының директор-бас редакторы Кеулімжай Құтты, дін және мешіт кызметкерлері, 28 бөлімге облыс бойынша жауапты мамандар және БАҚ өкілі қатысты.
Есеп беру жиналысын ресми түрде облыстың Бас имамы ашып, маңыздылығана тоқталды.
Ал «Иман» журналының директор-орынбасары дерек пен дәйек, авторға зер салу, газет-журнал оқудың адам өміріндегі маңызыды туралы баяндама жасады.
Шара барысында қала және аудан имамдары жыл бойы атқарған жұмыстарына тоқталып, слайд арқылы есеп берді. Сонымен қатар өкілдік тарапынан қала, аудан мешіттерінің жұмысына арнайы талдау жасалып, көрсеткіштеріне қарай баға берілді.
Одан өзге ҚМДБ бекіткен 4 бағыт жұмыстарын ұйымдастыруда белсенділік танытып, дәстүрлі дініміздің дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік имам» – Бақжарық Қызырұлы, «Үзді медиа аудан» – Шалқар ауданы, әйелдер жамағатының жұмысын жандандырған облыс бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова және мешіт қызметкері арасында үздік деп танылған облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас есепшісі Гүлнар Маханова, БАҚ пен әлеуметтік желілерде Ислам дінінің насихатында ақпараттық қолдау білдірген «Aqtobe, «Рика» телеарнасының ұжымы мен Алтынбек Даутов, Жасмин Тлеубай, Райымбек Алимжанұлына Облыстың Бас имамы Амантай Садиев алғыс хат табыстады.
Айта кетсек, Ақтөбе өкілдігі үшін биыл табысты да берекелі жыл болды. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» жобасы бойынша 24 науқас жанға көмек берілді. «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі 6 отбасыға баспана берілді. «Тайқазан» акциясымен 4099 отбасы азық-түлікпен қамтылды. «Киім-кешекпен» 267 отбасы көмек алды. Мешіт пен медреселерге 12 көмек жасалды. 17 жылдан кейін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіттің кілемі қазақы үлгіде толық жаңартылды. Сонымен қатар облыстық мешіттің айналасындағы көлік тұрақ пен жолдарға жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен асфальт төселді. Игі істің нәтижесінде мешіт ауласының ой-шұқырлары тегістеліп, көліктің кіріп-шығуы жеңілдеді. ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай аудандық 2 мешітке су жаңа автокөлік уақып етілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 































































