Хромтау: Ауданымызда  «Арақсыз ауыл» жобасы жүзеге аса бастады 3849

Хромтау: Ауданымызда «Арақсыз ауыл» жобасы жүзеге аса бастады

24 қазан 2024 261 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында «Арақсыз ауыл» жобасы жүзеге аса бастады. Бұл игі істі аудандық ардагерлер мен аналар кеңесі мүшелері және Ішкі істер басқармасы бірлесіп қолға алған. Өйткені еліміз бойынша жасалған қылмыстың үштен бірі ащы су салдарынан болған.

Сауда-саттықпен айналысатын Хромтау елді мекеніндегі кәсіпкерлер де алкоголь өнімін сатудан бас тартып жатыр. Елімізде әр үшінші қылмыс спирттік ішімдікті шамадан тыс тұтыну салдарынан жасалады.

"Арақсыз ауыл" жобасы Қарағанды, Ақтөбе, Жетісу облыстарында да қолға алынды.

“Бауыржан атамыздың "тәртіпке бас иген құл болмайды" деп айтқанындай, еліміздің, жеріміздің, ауылдық жерлердің тек тыныштығын сақтап, қылмыстың алдын алу мақсатында, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін осы ауылға келіп, жобаны қолға алып жатырмыз. Ауыл тұрғындарының бәрі – аналарымыз да, аталарымыз да 100% қолдап, сол жобаны іске асырып жатырмыз”, – дейді Хромтау аудандық “Нұр” мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы.

"Арақсыз ауыл" жобасын қолдаймын. Өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені жастарымыздың болашағына арақтың зияны болмаса, келіп-кетер пайдасы жоқ деп ойлаймын. Біздің дүкенде арақ сатылмайды. Біз тек шұбат секілді өте пайдалы өнімдер сатамыз”, – деп атап өтті сатушы Гүлмира Керімбекова.