Жамағат аты аңызға айналған Қобыланды батырға зиярат етті 3848

Жамағат аты аңызға айналған Қобыланды батырға зиярат етті

23 қазан 2024 76 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Дархан Дала» отандық туризм жобасының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Шынболат Үмбетов имам Ақтөбе қаласы жамағатымен бірге аты аңызға айналған қазақтың біртуар батыры Қобыланды батыр кесенесіне зиярат етті. Имам жамағатқа батырдың өмірін баяндап, тарихтан сыр шертті.

Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.

Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, ханның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған деседі.