Наиб имам «Тандем» радиосында қонақ болды 3807

Наиб имам «Тандем» радиосында қонақ болды

08 қазан 2024 532 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, облыс бойынша «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты маман Мәди Орынбай «Тандем» радиосында қонақ болды.

Бағдарлама барысында «Дін дегеніміз не? Ислам діні неше тармаққа бөлінеді?, дінді бұрмалап, басқа ағымға кетіп жатқан адамдарды қалай ажыратамыз?» сынды сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар дін мен дәстүрдің сабақтастығы, дін мен дәстүрдің қоғамда алатын орны туралы толығырақ түсіндіріп өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі