«Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбында имамдарға арналған семинар өтті 5964

«Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбында имамдарға арналған семинар өтті

19 ақпан 2026 18 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің тапсырмасына сәйкес «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен қалалық орталық мешітінде имамдарға арналған «Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының бас маманы Мейіржан Бауыржанұлы жүргізді. Жиын барысында халал стандарттарының талаптары мен сертификаттау үдерісі кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар күнделікті тұтынатын өнімдердің құрамына мән беру қажеттігі ерекше атап өтті. Атап айтқанда, тағам құрамында кездесетін кармин, желатин және басқа да қоспалардың қандай шикізаттан алынатыны, олардың дайындалу жолдары және шариғат талаптарына сәйкестігі жөнінде нақты түсіндірме берілді.

Семинар соңында имамдар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, халал саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі