17 Шәууәл
Қасапшыларға дәріс өтіп, сертификат табысталды 4189

Қасапшыларға дәріс өтіп, сертификат табысталды

18 ақпан 2025 112 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Досбол Нұрболұлы қасапшыларға дәріс өтіп, сертификат табыстады.

Қасапшылардың білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған семинарда шариғат талабына сай мал сою ережелері, мал сою мен ет өңдеуге қойылатын халал стандарт талаптары түсіндірілді. Шариғатқа сай мал бауыздау талаптары аят-хадис үкімдері, дін ғұламаларының еңбегі негізінде кеңінен тарқатылып айтылды.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, арнайы нұсқаулықтар таратылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі