Қобда: «Ислам және ізгі қоғам» бағыты аясында уағыз-насихат жүргізілді 2535

Қобда: «Ислам және ізгі қоғам» бағыты аясында уағыз-насихат жүргізілді

06 наурыз 2023 160 Оқу 1 минут

 Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ бекіткен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында 5 бағыттың бірі – «Ислам және ізгі қоғам» негізінде Қобда ауданының Бас имамы Абай Мәлікұлынының шақыртуымен ЖАНТ мүшесі, Мәртөк ауданының Бас имамы Зарлық Ералин Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінде уағыз-насихат жүргізді. 

ЖАНТ мүшесі мұсылманның қоғамдағы орынына жіті тоқталды. Сонымен қатар насихат барысында адам ең бірінші өзін түзетіп, кейін айналасына оң ықпал беріп, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыя алатын денгейге жету жолын баяндады.

Дастархан басында жалғасқан уағызда Рамазан айына дайындық мәселесіне де жіті тоқталды. Одан өзге ізгі қоғамдағы жамағаттың маңыздылығын түсіндірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі