Ерекше жандар қауымдастығына ауызашар берілді 3312

Ерекше жандар қауымдастығына ауызашар берілді

27 наурыз 2024 1068 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі жардарға ауызашар берілді.

Атап айтқанда, «Алаш» қоғамдық мүгедектер қауымдастығының 50 мүшесіне арнайы дастархан жайылып, сый көрсетілді. Кеш барысында биылғы ҚМДБ бекіткен «Ислам және дәстүр құндылығы» жыл аясына орай өңірлік термешілер мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілін көтеріп,дәстүрлі жыр-термелерден шашу шашты.Одан өзге мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы «Рамазан айының қадір-қасиеті» жайында уағыз-насихат айтып, ораза ұстаушының алатын сауабы туралы түсіндіріп өтті.

Аталған игі іске қолдау білдіріп, демеушілік көрсеткен «Береке» дәмханасының ұжымы мен басшысы Ақылбек мырзаға шынайы алғыс білдіріп, отбасына амандық, кәсібіне береке тілейміз!