«Ер Едіге»: Кезекті «Жырау шай» өтті
Ақтөбе қаласындағы «Сарқыт» этномейрамханасында Жырау Әділбек Сариннің жетекшілігімен құрылған «Ер Едіге» жыр мектебінің кезекті "Жырау шай" өтті.
ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты аясындағы басқосуда жас жыршылар пайғамбарлар қисасын, батырлар жыры мен дін мен дәстүр тақырында жыр-термелер орындады. Ұлттық құндылықты насихаттаған шарада ақ жаулықты әжелер шәкірттер мен ұстазына батасын берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































