@HALAL_DAMU_BOT ТЕЛЕГРАМ БОТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 1754

@HALAL_DAMU_BOT ТЕЛЕГРАМ БОТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

07 маусым 2022 40 Оқу 1 минут

«Халал Даму» және «qBots» компаниясының дайындауымен @halal_damu_bot телеграм боты іске қосылды.

Көпшіліктің сұранысы бойынша, жеңілдетілген формат, көрнекі дизайнмен соңғы үлгіде дайындалған бот бүгіннен бастап тұтынушылар қолданысына жол тартады. @halal_damu_bot телеграм ботының негізгі функциясы – «Халал кәсіпорындарды іздеу», «Сертификат алуға өтініш білдіру», «Сұрақ/Жауап» қызметтерін қолжетімді әрі қолайлы ету. Аталған бот екі тілде қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар барлық ақпарат тікелей halaldamu.kz ресми сайтынан алынып, әр апта сайын жаңартылып тұрады. «Іздеу» батырмасында «Өңір» және «Категория» тараулары бойынша таңдау жасап, өзіңізге қажетті өнімнің «Сауда белгісін» немесе «Өндіруші атауын (ЖК/ЖШС)» енгізіп, базада тіркелген не тіркелмегендігіне көз жеткізуге болады. Және «Сертификат алу» батырмасын бассаңыз, ресми сайттағы өтініш беру мәзіріне қосыласыз. Ал «Сұрақ/Жауап» батырмасында «Операторға сұрақ қою» және «Жиі қойылатын сұрақтар» жауабымен танысу функциялары қарастырылған.

Халал өнімді тұтынушылар қолданысы мен «Халал Даму» ұйымының қызметін жеңілдету мақсатында @halal_damu_bot телеграм ботын құрастырған «qBots» компаниясына алғыс білдіреміз. Расында, адамның ең жақсысы ‒ басқаларға пайдалы болғаны. «Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма?» деп «әр-Рахман» сүресінде баяндалғандай, шынында да жақсылықтың қайтарымы ‒ тек жақсылық қана. Ендеше, @halal_damu_bot ботына жазылып, тіркелуді ұмытпаңыз!