«Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Ақтөбе жамағатымен кездесті
ҚМДБ «Дін және дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Ерболат Нұрылдаұлы арнайы іссапармен Ақтөбе облысына келді. Сапар барысында Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде құптан намазынан кейін жамағатпен кездесті.
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев бөлім меңгерушісіне арнайы құтты мекен Ақтөбе келгеніне алғысын білдіріп, Ерболат Жүсіповты жамағатқа таныстырды.
Кездесу барысында Ерболат Нұрылдаұлы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерінің Ислам құндылықтарымен сабақтастығына тоқталып, отбасы институтының қоғамдағы маңызы туралы кеңінен сөз қозғады. Сондай-ақ ұрпақ тәрбиесі, ата-ананы құрметтеу, ерлі-зайыптылардың өзара жауапкершілігі мен отбасындағы рухани тәрбиенің рөлі жайында тағылымды ойларымен бөлісті.
«Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі ұлттық дәстүрді дәріптеу мен діни құндылықтарды қатар ұстанудың қоғам бірлігі мен отбасы берекесін нығайтудағы маңызын атап өтіп, жамағатты ізгілікке, татулыққа және жауапкершілікке үндеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































