Екі ауданда Мәулітке орай сұрақ-жауап ұйымдастырылды 2184

Екі ауданда Мәулітке орай сұрақ-жауап ұйымдастырылды

17 қазан 2022 179 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданының Бас имамы Әсемхан Ерғазин мен Әйтеке би ауданынының Бас имамы Ғабидолла Тілес Мәуліт мерекесіне орай жамағат арасында адамзаттың ардақтысы пайғамбарымыз (с.ғ.с) туралы викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырды.

Сонымен қатар шара барысында белсенді қатысушыларға «Адамзаттың асыл тәжі» кітабын тарту етті.

Мәулітті насихаттауға арналған шарада Құран оқылып, пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтылып, мәуліт жыры оқылса, жамағаттың бауырмалдығын арттыру мақсатында мерекелеік дастархан ұйымдастырылды.

Одан өзге шара қортындысында екі дүние сардары туралы бас имамдар уағыз-насихат атты.

Игі басқосуда жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Айта кетсек, мәулітті ұлықтауға арналған пайғамбарымыз (с.ғ.с) туралы викториналық сұрақ-жауап облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде бастау алды. Өкілдікке қарасты барлық мешітте Мәуліт айында жалғасын табады.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі