Дәстүр мен жат ағымның аражігі түсіндірілді 3821

Дәстүр мен жат ағымның аражігі түсіндірілді

16 қазан 2024 120 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков пен Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев «В.Н.Цеханович атындағы №1 МБЖСМ» спорт мектебі мен «Вагондарға күтім жасау бекеті ПТО» мекемесінде «Дін мен дәстүр» және «Жат ағымның тарататыны таяз ұғым» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында имамдар жат ағымның алдын-алуға арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, насихат айтты.

Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерінің тарапынан туындаған сұрақтарға тұщымды жауап берілді.