«Бірлігі жарасқан жамағат» атты басқосу өтті
Шалқар ауданында жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлік-ынтымақты арттыру мақсатында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты басқосу болып өтті.
Ізгілікке жол бастар кездесуде «Нұр – Мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті университеті» - нің 3 – курс студенті Даулет Ермекұлы «Әбу Ханифа мәзхабы бойынша хадисті түсінудің жолдары мен маңызы» тақырыбына тоқталса, Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің наиб имамы Ерлан Наурызбаев «Жамағатпен болудың нығметі» тақырыбында насихат айтты.
Сонымен қатар, қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты сақтау үшін бауырмалдық ақыларды орындау, береке мен бірлікке нұқсан келтіретін істерден сақтану ,өзара сыйластықта болу керектігі айтылды.
Одан өзге, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға, толыққанды жауаптар берілді.