Бас имам ауыл жамағатымен дастарханда бас қосты 2310

Бас имам ауыл жамағатымен дастарханда бас қосты

08 желтоқсан 2022 86 Оқу 0 минут

Әйтеке би ауданының Бас имамы Тілес Ғабидолла Қарабұтақ ауыл жамағатымен кездесіп, «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» тақырыбы аясында дастархан басында бас қосу өткізді.

Кездесуде Бас имам тұрғындарға «ислам» сөзінің мағынасын түсіндіріп, асыл дініміздің тек бірлік пен береке, ынтымақ пен татулыққа үндейтінін жеткізді.

Ислам – амандық пен бейбітшілік діні. Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Ұлы Жаратушының ақырғы пайғамбары жер бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберілгенін Құранда «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік» деп баяндаған. Мұсылмандар осы ерекшелікпен өз діндерін мақтан етіп, насихаттап келеді.