Ақтөбе: «Балғын ет» дүкеніне ҚМДБ Халал куәлігі табысталды 6603

Ақтөбе: «Балғын ет» дүкеніне ҚМДБ Халал куәлігі табысталды

31 шілде 2026 22 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қаланың Бас имамы Алмат Әли жұмаға жиналған жамағат алдында «Балғын ет» дүкеніне ҚМДБ Халал куәлігін табыстады. 

Бас имам кәсіп иелеріне адал әрі сапалы өнім ұсыну жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Кәсіпорынның халал талаптарына сәйкестігін бағалау және тексеру жұмыстарын ҚМДБ «Халал Даму» маманы Ақмаржан Ержанқызы жүргізді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі