“Бақытжан” мешітінде “Тарих тағылымы” атты жиын өтті. 4047

“Бақытжан” мешітінде “Тарих тағылымы” атты жиын өтті.

18 қаңтар 2025 205 Оқу 1 минут

“Бақытжан” мешітіне әйел жамағатына арналған жиын өтті. Бұл жиын жамағат бірлігін арттырып, жастарды жақсылыққа үндеу, білімге шақыру мақсаттарын көздеді. “Ел тарихы” атты танымдық үстел ойыны ойналып , сонау Қазақ хандығынан бастап, Түркілік кезең, Моғолстан, Алаш қайраткерлері, Ұлы Отан соғысы жылдары, Кеңестік кезеңдегі Қазақстан және Тәуелсіздік туралы тақырыптвр толықтай қамтылды. Жамағат бала кезден бойға сіңірген білімдерін ортаға сап, өте танымды, ғибратты жиын жасады. Елжандылық, елге, тарихқа деген құрмет насихатталып, Отанға деген әр жанның жүрегіндегі махаббаты маздай түскендей болды. “Отанды сүю-иманнан” демекші әрі білім, әрі ойын болған бұл жиын алдағы уақытта да жалғасын табады деген үміт басым.