Діни оңалту жұмысы мамандарына арналған семинар өтті 2546

Діни оңалту жұмысы мамандарына арналған семинар өтті

14 наурыз 2023 111 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының дін істері басқармасының бастамасымен, «Аңсар» АТО ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы бойынша діни оңалту жұмысы мамандарының біліктілігін арттыруға арналған 2 күндік семинар өтіп, оған ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінен 5 бағыттың бірі – Жат ағымнан сақтандыру бойынша жауапты имамдар мен ұстаздар қатысты. 

Екі күндік семинарды Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин оңалту бағытындағы жұмыс жауапкершілігі, өзектілігі мен маңыздылығы туралы айтып өтті.

Семинарға Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС теолог маманы исламтану ғылымдарының Phd д. Бердалиев Исатай және Астана «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС директор орынбасары Сүлейменов Жандәулет арнайы шақыртылып, оқу-тәжірибесімен бөлісті.

Исатай Бердалиев Ислам құқығында «Ислам мен шариғаттың» айырмашылығы, «Шариғат» мақсатының тұжырымдамасы Діни өміршеңдіктегі алғышарттар: ситуациалық шешімдер» атты тақырыпта жан-жақты түсіндірді.

Сонымен қатар «Дерадикализация жұмысындағы теориялық ерекшеліктер», «Ұлттық қауіпсіздіктегі діни секьюритизация мәселесі» атты дәріс жүргізді.

Одан өзге «Ихсан» ҚБ орталығының теолог маманы Ерсейіт Ыбраймов ДДА ұстанушыларының «Діни терминдерді» қате түсіну себептері» туралы тоқталса, аталған орталықтың психолог маманы Эльмира Әділханова «Оңалту саласындағы психологиялық аспектілер» тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп, жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Семинарға қатысушы, Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылындағы «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова:
«Жылдан жылға дін саласындағы барлық мамандарға білікті мамандарды шақырту арқылы өте пайдалы семинарларды түрлендіріп өткізіліп келеді.

Екі күндік семинарда жақсы сапалы білім алдық. Өзімізге керекті ақпаратты алып, алдағы уақытта жұмыс жасауымызға біраз септігін тигізетін мәліметтермен таныстық. Осындай бастамаға мұрындық болып отырған ұйымдастырушыларға шексіз!»,-деп маңыздылығын атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин қатысушыларды 2 күндік оқыту семинарын сәтті аяқтағанымен құттықтай отырып, біліктілігін арттырғаны жөнінде сертификаттар табыстады.

Айта кетсек, семинарға 40-тан астам мамандар қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі