Діни басқарманың 35 жылдығына орай 35 адамға аяқ киім берілді 4285

Діни басқарманың 35 жылдығына орай 35 адамға аяқ киім берілді

09 наурыз 2025 85 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сәйкес ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде имамдар қоғамда ізгі амалдар мен қайырымдылықты жасауды одан әрі жүйелі түрде атқаруда. 

Қасиетті Рамазан айында Мұғалжар ауданының бас имамы Шадман Мұхмамдисмаилдың ұйымдастыруымен 35 адамға аяқ киім берілді. Бұл сауабы мол игі шара қара шаңырақ діни басқарманың 35 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Аталған аяқ киімдер мешіт қызметкелеріне, мұқтаж жандарға таратылды. Жеке кәсіпкерлердің демеушілігінен алынған 35 аяқ киімнің жалпы бағасы 1050000 құрайды. Дін жанашыры болған кәсіпкерлерге Алла Тағала кәсіптеріне береке нәсіп етсін! Қайырымдылық көмек алған жандар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі