«Дін мен дәстүр» бағытыда интеллектуалды білім сайыс өтті 3234

«Дін мен дәстүр» бағытыда интеллектуалды білім сайыс өтті

01 наурыз 2024 370 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Дін мен дәстүр» бағыты аясында интеллектуалды білім сайыс өтті.

Игі-шара «Матай Қоқанұлы» мешітінде өтіп, аудандық мешіттің наиб имамы Ерлан Наурызбаев қатысушыларға жарыс ережесін түсіндіріп, сәттілік тіледі.

Интеллектуалды білім сайысына мешіт жамағатынан құралған 5 топ қатысып, салт – дәстүр мен әдебиетке негізделген тақырыптар бойынша бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1- орынды «Қарилар» тобы жеңіп алды. Ал, 2-орынды «Аңсар» тобы , 3 – орынды «Әс-Сәләм» тобы иеленді. Сондай-ақ, қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, арнайы ынталандыру сыйлықтары табыс етілді


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі