Ауданның Бас имамы студенттермен кездесті 4846

Ауданның Бас имамы студенттермен кездесті

19 қыркүйек 2025 68 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында ҚМДБ басым жұмыс бағыттарының бірі – жат ағымдардан сақтандыру екенін атап өткен болатын. Осы бағытта ЖАНТ мүшесі, Хромтау ауданының Бас имамы Марал Иманғали аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен бірге Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында ауданның Бас имамы жат ағымдардың алдын алу жолдарын түсіндіріп берді.

Сонымен қатар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оларға діни ақпаратты сенімді көздерден алу керектігін айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі