Бекзат қари финалға өтті 948

Бекзат қари финалға өтті

13 қазан 2021 304 Оқу 1 минут

Түркістан қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Х республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының финалдық кезеңіне Құранның 30 парасын толық жаттаған қарилар арасында ақтөбелік Бекзат қари Тасболатов өтті.

Байқаудың бас жүлдесін иеленген қариға шетелдік автокөлік беріледі. Ал өзге номинацилар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Байқауды ұйымдастырушылар тарапынан тікелей эфирде «Munara TV» телеарнасынан және «Муфтият ҚМДБ» Youtube арнасы мен @muftiyatkz инстапарақшасынан онлайн түрде қарау мүмкіндігі қарастырылған.

Додада Ақтөбелік Бекзат қари Дулатұлына жеңіс тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі